Мәди Бесбаев, дінтанушы: Сириядан оралған балалардың жазығы жоқ

Oinet.kz 06-08-2020 1885

Менандр «Әр адамның құдайы - өзінің ары» деген. Адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі – күрделі әрі нәзік мәселе. Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мәди Бесбаевпен қазіргі діни ахуал жөнінде сұхбат құрған едік. Назарларыңызға ұсынамыз!

Мәди Бесбаев.jpg

Суретте Мади Бесбаев

Адамдардың Құдай   жөніндегі түсінігі ортақ. Бірақ Құдай туралы танымы, сенімі, сезімі, құлшылығы, оның мына әлеммен қатынасы, яғни дүниетанымы, ақырет туралы сенімдері әртүрлі. Зайырлы мемлекетте қоғамдық діни балансты қалай сақтап, жүйелеу керек? 

–  Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Мемлекет дін ісіне, дін мемлекет ісіне араласпайды. Дегенмен, мемлекет дін мәселесін реттеп, бақылап отырады. Тіркелген діни бірлестіктер Қазақстанның мемлекеттілігіне, мемлекеттік ұстынына қарсы келетін болса, онда діни бірлестік не ұйымның жұмысын мемлекет заңмен тоқтатады. Қазақстанда тиым салынған  21-ден аса діни ұйымдар бар. 

Дін – адамзат баласының бақытты болуын қалайды. Адамзат әлимсақтан  міндетті түрде қоғамдық фармацияға сай бір сенімге ие болған. Барлық діннің негізінде – адамзаттың өмір сүру сапасынн арттыруға негізделген. Дін – Алла тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдарға жіберілген Құдайдың заңдары.  Дін – хаққа жеткізетін жол. Мейірімділік, ізгілік, теріс қылықтардан жат болуға шақыратын құндылық.  Дін адамзатқа адам болуды, ұлтқа тұтас  болуды үйретеді. Яғни мемлекеттің мықты болуын қамтамасыз ететін Жаратқанның  тарапынан жаратылысқа жіберілген заң. 

Діннің негізгі мақсаты – адамдардың бұл дүние және ақыретте бақытты өмір сүруі . Дін – тіршіліктің бастауы. Барлық қасиетті кітап ізгілікке, адам өлтірмеуге, ұрлық жасамауға, қылдай қиянат жасамауға жетелейді. Заңда аталатын ережелерің барлығы да қасиетті кітаптарда қамтылған.

Адамзат діни сенімін ділінде ұстап, сыйластықты адами қасиеттермен өлшегенде,  құндылықтар тереңдей түседі. Абайдай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзді айта алу үшін үлкен жүрек керек. Күллі адамзатты жүрегіне сыйғыза алатын кеңдік, парасат кемел болмыс, көркем мінезбен келеді. Зайырлы қоғамның адамдары теңдікті сезінетін, таңдау еркін ұғынатын, ашық диалогта ойын өлтірмейтін тұлғалық ұстынын сақтайды. Зайырлы қоғамда діни балансты сақтауды әр адам өз жан әлемінен бастауы керек. 

Қазіргі заманда адам әлем жайлы толыққанды дүниетаным алуы үшін тек діни біліммен шектелесе жеткілікті ме, жоқ адам сондай-ақ зайырлы білім алып, әлемді жан-жақты алуандығымен зерделеуі тиіс пе? Діни білім үйренуші жастар жат ағымның жетегінде кетпес үшін қандай амал жасағаны жөн? Бүгінде діни білімін  ғаламтор кеңістігінен толықтағысы келетін жандар қаншалықты қауіпсіз ақпарат тұтына алады?

– Құранның алғашқы аяты «иқра», яғни, «оқы!» деп түскен. Бұл «оқу бұйрығы» тек Құранды жатқа оқу емес, жаратылыс сырларын оқу, адамды оқу, жалпы ғаламды зерттеп – зерделеп оқу.  Білімді болу – мұсылманның парызы. «Нәхл» сүресінің 43-аятында "Егер білмесеңдер, онда білім иелерінен сұраңдар!"  деген. «Зумар» сүресінің 9-аятында «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!» деген.  Бесіктен қабірге дейін адам ілім іздеуі шарт. Діни ғана емес дүнияуи білімді де алу керек. Бұл жерде білімнің маңызы айтылып тұр. Әлемге көзі ашық адам болу үшін оқудың маңызы жоғары. Қалыптасқан тұрмыстық сананы тәрк етіп, тұлғалық даму үшін көптеген әдіс жүйеленген. Бастысы – үйренуге сананы бейімдеу керек. Санадағы ақпараттық сүзектің реттілігі де сонда артады. 

Жастар соқыр сенімнің соңына көзсіз кететін болса, елдің болашағы бұлыңғыр. Ғибадат орындарында жастардың көптігі қуантады әрі ойландырады. Түсіндіру мен түсіну екі бөлек ауқымда. Осы екі ұғымның арасындағы түсінік дінде мәселе туындатты. Ол фактор  бізде ғана емес бүкіл әлемде бар үдеріс. Бүгінде дінді саяси құрал ретінде, қаржы көзі ретіне пайдаланып жүрген теріс пиғылды топтар бар. Оларда саяси мүдде, немесе өзінің қаржы табуға бағытталған идея  бар. Біздің азаматтардың санасын улап, түрлі сенімдерді,  түрлі мәдениеттерді тықпалауды мұрат еткен.  Нәтижесінде соғыссыз, идеология , дін арқылы жаулап алғысы келеді (діни экспансия деуге болады). Теріс ағымдардың негізгі нысанасы – біздің қоғамда ең әлсіз әлеуметтік буын жастарға бағытталған . Теріс ағымдардың насихаттық құралы – ғаламтор кеңістігі. Аға буын жастардай ғаламторды өмірлік білім жинау контексі ретінде пайдаланбайды. 

Мектептерде, коледждерде кездесуге барғанда телефон қолданысы жайлы жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Өтпелі кезеңдегі балалар ата-анасына айтпайтын сырларын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялайды. Ашық диалогтан қашқақтап, телефонына код қояды. Реал өмір мен виртуалды өмірін екі ауқымда қалыптастырады. Яғни бір уақытта екі өмір сүруге ұмтылады. Бұл өз кезегінде тұлғасын  қалыптастыруда вакуум тудырады. 

Дәстүрлі емес діни ағымдар адам психологиясымен шебер жұмыс істейді. Америкалық ғалымдар ойлап тапқан НЛП (нейролингвистикалық бағдарламалау)  әдісін жат ағымдар терең меңгерген. НЛП әдістері (эмоциялық, сезімдік манипулияция жасау)  нәтижесінде көзсіз сол ағымдарға кетіп қалуға жеткізеді. Бұл топтардың негізгі мақсаты – қатарын көбейту. 

Ғаламтор кеңістігі толыққанды пайдалы деп айтуға келмейді. Көп жесе, бал да ащы. Дін мәселесін зерттеу орталығының мамандары әлеуметтік желілерде мониторинг жұмыстарын жүргізеді. Қазір «әлеуметтік желі арқылы экстремисттік, террористік материалдарды сақтайтын, тарататын, яки лүпіл басатын болса, оның бәрінің жауапкершілігі бар. Ғаламторға арбалып, Таяу Шығысқа қару асынып кетіп жатқандар бар. Ілімді ғаламтордан емес, діни салада қызмет ететін адамдар арқылы үйренген дұрысырақ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты сайттар, Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының ресми сайттарынан білім арттырса болды. Діни білім алу үшін шетелдік рқу орындарына барудың аса қажеттілігі жоқ. Елімізде бірқатар жоғары оқу орындарында  дінтану, теология, исламтану мамандықтары бойынша  бакалавриат , магистратура, доктарантура  дәрежесінде білім алу мүмкіндіктері қарастырылған. Одан бөлек дін саласын үйрететін медреселер, коледждер бар

«Жусан» операциясымен елге оралған адамдар қоғамға қай дәрежеде сіңісе алады? Балаларына туу туралы куәлік алғанда Сирияда туғанын көрсетуге қынжылатын ананы көрдім. Шынында баланың Сирияда дүнеге келгені оның болашағына ықпалды ма? 

– «Жусан» операциясы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынды. Кейіннен сериялық жалғасын тапты. Елге оралған соң, террористік іс-әрекетке қатысы болған азаматтар заңмен жазаланып, темір торға тоғытылады. Балалар мен әйелдер елге  келген соң оңалту жұмыстары ұйымдастырлды. Ақтау қаласында оңалту орталығында болғандар  кейіннен өздерінің жергілікті мекендеріне қайтарылады. Балаларының биологиялық жақындығы туралы сот медициналық сараптамасы тағайындалып, тексеріліп, құжаттар рәсімделеді. Ол кісілермен теологтар, психологтар жұмыс істейді.  

Біз Сириядан «Жусан» операциясымен оралған азаматшалар мен балаларына мәдени іс-шаралар ұйымдастырамыз. Өткен жылы тарихи орындарға, театрларға алып бардық. Балалардың бұл жағдаятта ешқандай жазығы жоқ. Ол жақтағы соғыс пен бұл жақтағы бейбітшілікті көріп ата-ана  адасқанын мойындайды. Балалық шақтың бақытты, білім іздеумен толысқанына ата-аналар дән риза. Мектепке балалардың еркін барғанының – өзі қуаныш. Оларды қоғамға бейімдеп, толыққанды азамат етуге бар күш-жігерімізді сарп етеміз. Қазақстандық құндылықтарға бейімдеу мәселесінде кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Бала – шамын қоғам жағатын шырақ. Біреудің қателігі үшін екінші адам жауап бермейді. Ата-анасының таңдауының аясында баланы жазғыруға болмайды. "Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапса егер..."  деген ғой дана халық. Адамдардың өткенімен емес болашағымен қатынас құру керек. 

Посткеңестік мемлекеттердің саяси басқару жүйесінде ұқсастықтар көп. Зайырлы мемлекет санатындағы  Ресейде  Жоғарғы сот 2017 жылы  "Иегова куәгерлері" діни ұйымын экстремистік топ деп танып, Ресей территориясындағы қызметіне тыйым салды. Куәгерлердің сайты әлемде 975 тілге аударылған. Оның ішінде қазақ тілі де бар. Қазақстандық Дін мәселелерін зерттеу орталығы осы тектес ұйымдарға қатысты қандай іс-шаралар атқарды?

– «Иегова кугерлері»  Қазақстанда  ресми тіркелген діни бірлестік. Ресей аумағында бұл ұйымға бірден тиым салған жоқ. Бастапқыда екі аймағында, кейіннен мемлекет көлемінде тиым салды. 

2011 жылғы   "Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы" Заң қабылданған. Сол заңға сәйкес кез келген діни бірлестік насихат, құлшылық, діни жоралғыларын  өзінің  белгіленген аймағында ғана жасай алады. Көшеде, қоғамдық орындарда насихат жұмыстарын жасауға,  діни  әдебиет таратуға қатаң тиым салынады. 

Ел азаматтарына үйінде не көшеде діни ұйым мүшелері насихат жүргізсе, полицияға дереу абар бергені абзал. 

 Маған не келіп-кетеді деген санадағы түсініктен арылу керек. Қоғам тұтас «БІЗ» ұғымын құрайды. 

 Қазақстанда тірелген барлық діни бірлестіктермен жұмыс жасайтын Дін істері басқармаларында арнайы діни бірлестіктермен жұмыс бөлімдері бар. Егер де құқықтық жағынан заң бұзушылық әрекеттер табылса, заң органдары шара қолданады. 

   Б.ӘСІЛХАН


Серік Қалиев: «Кейде айтысқа еш қатысы жоқ адамдар да қазылық жасайды»
Жадыра Байбұланова, ақын: «Жанұяны сақтап отырудың бір жолы – парасаттылық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу