Қазақтың фото-тарихы

Oinet.kz 27-10-2020 24058

Фотоөнері – фотографияның көрерменге әсер ететін барлық мүмкіншіліктерін пайдалану негізіне құрылған көркем шығармашылықтың бір түрі. Фотоөнері тарихында фотографияны ойлап табушылар мен негізін салушылар қатарына Ж.Н.Ньепс, Л.Ж.М.Дагер (Франция) және У.Г.Ф.Толбот (Англия) сынды өнертапқыштар есімдері айтылады.

image.png

Қазақстанда фотоөнері ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан дами бастады. Бірақ бұған дейін ішінара фотоға алғаш түсушілер қатарынан Жәңгір хан мен оның зайыбы Фатиманың (1840), Ш.Уәлихановтың (1847), Құнанбай мен оның кіші әйелінің (1853) есімдері белгілі. Бұл фотолар кезінде әртүрлі тарихи басылым беттерінде жарияланғаны белгілі. Фотоөнері Қазақстанға арнайы сапармен келген  Ресей және шет ел фотографтарының күшімен жергілікті тұрғындардың өмірі мен тұрмысын бейнеледі, жеке адамдар мен отбасылық портреттер түрінде өріс алды. Сол кезеңде Орынбор, Омбы, Семей сияқты қалаларда жекеменшік фотосалондар мен фотопавильондар жұмыс істеді.

Қазақстанда жұмыс істеген фотографтардың туындыларында сол кездегі қала алаңдары мен көшелері, үйлері мен көпір құрылыстары, базарлары мен асханалары, ауыл мен қаланың қайнаған өмір-тұрмысы өз көрінісін табуымен құнды. Бүгінгі күндері мұндай тарихи фотосуреттер еліміздің өлкетану музейлері қорларында сақтаулы. Олардың объектілеріне ХХ ғасырдың басында еңбек адамдары мен олардың шаруашылық, кәсіптік, мәдени, оқу-ағарту  ісі мен даладағы өмірі ілінді. Ресейлік фотографтар халқымыздың қоғамдық, саяси-әлеуметтік, өмір-тұрмысы туралы көптеген танымдық туындылар қалдырды.

Туған өлкемізге қатысты сондай фото-суреттер Ресей мемлекеттік тарих архиві (Санкт-Петербург) қорында сақталған. Аталған архивте жұмыс жасаған кезімізде тапқан өлкемізге қатысты фотосуреттерді назарларыңызға беруді жөн көрдік.  Сонымен  фотообъективтегі өлкенің өткен тарихына көз жіберсек...

Көрінген сонадайдан Гурьевім

Бастауын ХVІІ ғасырдың 40-жылдарынан алатын Гурьев қаласы патша үкіметінің өлкеміздің мол байлығын иеленуіне, Ресей империясының экономикасын жақсартуына игі ықпалын тигізді. Сол кезеңде-ақ Гурьев қаласы сауда орталығына айналды. Қаланың географиялық ыңғайлы жағдайы Каспий теңізі мен Жайық өзені арқылы сумен сауда қатынасын жасау тиімді болды. Гурьев арқылы Астраханға балық, уылдырық, мал өнімдері т.б. тауарлар тасылған. Қалада ХХ ғасырдың басында бір-екі қабаты ағаш және кірпіштен үйлер салынды. Атырау қазақтары қала базарына төрт түлік малдарын сатқан.

image.png

 Жайлауда

image.png

Қалаға жақын Плотовин кемежайы

image.png

Гурьев. Жайық өзені

image.png

Гурьев. Теңізде жүзу училищесі

image.png

Плотовин айлағындағы үйлер

image.png

Гурьев. Уылдырық дайындайтын жағалау

image.png

Гурьев. Шіркеу

image.png

Гурьев. Түрме үйі

image.png

Гурьев. Жайық жағалауы

image.png

Плотовин айлағы

image.png

Дендерден бергі баурайдан

Индер – Каспий ойпаты алабындағы тұзды тұйық көл. Негізгі толығу көзі айналасындағы саздардың шығатын тұзды бұлақтар. Көл солтүстігінен Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы жазық. Ерте кезден қазақтар  көлдің лайлы саз балшығын түрлі ауруларды емдеуге пайдаланды.

image.png

Индер тұзды көлінде

image.png

Индер тұзды көлі

image.png

Индер тұзды көлінің жалпы көрінісі

image.png

Индер тұзды көлінің жағалауы

Жәрмеңкесі Ойылдың

Сауда қатынастары ерте заманнан бастап халықтар мен мемлекеттер арасын байланыстыратын саяси-экономикалық құбылыс.  ХІХ ғасырдағы Батыс Қазақстан өңіріндгі ең ірі сауда орталығының бірі – Ойылдағы Көкжар жәрмеңкесі. Ойыл жәрмеңкесі Оралдың оңтүстіктегі әскери территориясы және шығыстағы Бөкей Ордасымен Новобогат поселкасы және Сарайшық фортына соғып Гурьевке баратын жол арқылы қатынас жасаған. Атақты Ойылдың көктемгі және күзгі жәрмеңкелеріне Гурьев көпестері де қатынасты. ХІХ ғасырда Гурьев  және Ойыл жәрмеңкелерінің арасын жалғаған керуен сауда жолы қалыптасты. Бұл сауда жолымен ағылған саудагерлер Ойылдан шығып Тайсойған құмымен, Ойтаң, Сағыз, Мақат, Доссор арқылы Гурьев жәрмеңкесіне өз тауарларын жеткізген. Ойыл жәрмеңкесінде Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған, Нұрым,  Мұхит Мералыұлы сияқты ақындар айтыстарымен, жыр-толғауларымен жәрмеңкеге келген елдің көңілін көтеріп, халықтың рухани өмірінің ажарын кіргізді.

image.png

Ойыл жәрмеңкесі

image.png

Ойыл жәрмеңкесінде

image.png

Ойыл жәрмеңкесіндегі қазақтар

image.png

Ойыл жәрмеңкесінде

image.png

Ойыл жәрмеңкесіндегі құдық басында

Осы өлкеде...

Өлкемізде ХХ ғасырдың басында 5 казак-орыс станицасы, 17 қазақ болысы және теңізге жақын үш кент болды. Каспий теңізіне жақын болыстар мен кенттерде балық шаруашылығы жақсы дамыды. Бұл кезде орыстар қоныстанған теңіз жағалауында Жылыой, Ракуша, Прорва кенттері пайда болды. Оның ең үлкені Жылыой кенті аймақтағы сауда, өндіріс саласына ықпалын тигізді. Тарихи мәліметтер бойынша 1914 жылы Жылыой кентінде 1943 адамы бар 300 отбасы тұрған. Олардың негізгі кәсібі балық шаруашылығы болды.

image.png

Жылыой маңындағы балықшылар кемесі

image.png

Теңіздегі балықшылар кемесі (Жылыой маңы)

image.png

Жылыойдағы шіркеу

image.png

Жылыой маңындағы Каспий теңізі

image.png

Жылыойдағы балық кәсіпшілігі

Аққали Ахмет, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы

Abai.kz

Шәкәрімнің үш фотосуреті туралы
Майданнан 10 ұлы да аман оралған ана
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу