2 жастағы бүлдіршін ауруынан айықты

Oinet.kz 29-04-2020 653

Screenshot_7.png

Түркістан облысы бойынша 28 сәуір күні Арыс қаласының үш азаматы коронавирус инфекциясынан айығып, үйлеріне оралды.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1968 жылғы азамат 4 сәуір күні КВИ диагнозы, қосалқы диагнозы жедел пневмония, артериальді гипертензиямен ауруханаға түскен. Алынған емнен кейін жағдайының жақсаруына және 2 рет ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты науқас үйіне шығарылды.

Арыс қаласының 1974 жылғы тұрғыны 10 сәуір күні КВИ расталған жағдай, жедел бронхитпен ауруханаға жатқызылды. 26 сәуір күні ПТР зерттеуі теріс нәтиже көрсетіп, науқастың жағдайы жақсаруы себепті ауруханадан шықты.

Арыс қаласының 2018 жылы туған кішкентай тұрғыны да 5 сәуір күнгі талдама қорытындысы бойынша ковид-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Алынған емнен кейін жағдайының жақсаруы және 26 сәуір күнгі соңғы ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты науқас үйіне оралды.

29 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған үш азамат тіркелді.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің 1992 жылы және 2017 жылы туған бір отбасының мүшелерінен коронавирус инфекциясы анықталды.

Сондай-ақ Қазығұрт ауданы, Шанақ ауылының 2000 жылғы тұрғыны да COVID-19 инфекциясы табылды.

Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталуда. Науқастардың жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты, шағымы жоқ.

Жалпы облыс бойынша қазіргі таңда вирус жұқтырғандар саны – 120.


Өнеркәсіп өнімінің көлемі артып келеді
50 отбасыға көмек берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу