Өнеркәсіп өнімінің көлемі артып келеді

Oinet.kz 29-04-2020 760

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының масқаты - өңдеу өнеркәсібін әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру.

815f67fb-8d76-4736-b176-9e4a379ad2af.jpg

Аталған бағдарлама өңдеу өнеркәсібін озыңқы дамытуды, басым секторларда тиімділікті арттыру және қосылған құнды ұлғайтуды, өнімді жұмыспен қамтуды, өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті ынталандыру мен шағын және орта бизнесті дамытуды көздейді.

Түркістан облысында өткен жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 500 млрд. теңгеге жуықтаған. Оның 245 млрд. теңгесі өңдеу өнеркәсібі өндірісіне тиесілі. Олардың басым бөлігі, тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтикалық өнім өндіру және өзге де металл емес минералдық өнімдер сияқты бағыттар бойынша ұлғайған.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік өндіріс көрсеткіштерінің өсу қарқынын жақсарту мақсатында кәсіпкерлікті қолдау бойынша жемісті жұмыс жүргізіліп келеді. Өткен жылы индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 22 млрд. теңгеге 13 жоба жүзеге асырылып, 800-ден астам жұмыс орны ашылды. 2020 жылға 11 жобаны іске асыру жоспарланған.

Мемлекеттік ұйымдардың "қарапайым заттар экономикасы" саласындағы тауарларды сатып алуында жергілікті қамту үлесінің нысаналы индикаторлары асыра орындалған. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп тауарлары - 60, жиһаз – 62, құрылыс материалдары – 67, тамақ – 85 пайызға орындалған.

Төлемдерге үйден шықпай-ақ қол жеткізуде
2 жастағы бүлдіршін ауруынан айықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу