Түркістан: Рухани-мәдени орталықта жеті нысанның құрылысы аяқталды

Oinet.kz 12-03-2021 538

008.jpg


 «Түркістан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып, Түркістан қаласының көркеюіне бар ынтамыз бен күш-жігерімізді саламыз»,-деген болатын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жуырда өткен есептік кездесуінде.

Түркістан облысы орталығы боған екі жарым жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Қаланы  дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қаланың әкімшілік – іскерлік орталығында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге 100 шақырым инженерлік инфрақұрылым тартылды. Ал, рухани-мәдени орталықта құрылысы жүрзілген 9 нысанның жетеуі пайдалануға берілді. 

Сонымен қатар, Тұңғыш Президент саябағы, Н.Назарбаев аллеясы (Арбат), желілік саябақтар, гүлзарлар, Қожа Ахмет Ясауи мен Рәбия Сұлтан Бегим кесенелерін қалпына келтіру, Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұған қоса, әкімшілік-іскерлік орталығында 28 гектар аумаққа Дендросаябағының құрылысы және 9 гектар аумаққа саябақтың жанынан жасанды көлдің құрылысы басталды.

Түркістан қаласының Бас жоспарына сәйкес, облыста алғаш рет 7 700 га аумаққа Жасыл белдеу құрылып, өткен жылы 2400 га аумаққа 1 млн - нан астам көшет отырғызылды. Жоспарланған меже биыл толығымен іске асады.


Негізгі жоспар - несие алуға ынталандыру
Түркістанда 1150 пәтер пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу