Түркістанда 1150 пәтер пайдалануға берілді

Oinet.kz 12-03-2021 596

009.jpg


«Жалпы, қала тұрғындарын өмір сапасын жақсарту мен әл-ауқатын арттыру мақсатында бүгінгі таңда қала халқын қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйлерімен қамтамасыз етілуде. Оның ішінде ерекше тоқтап атап өтетін болсам, Түркістан қаласын толық табиғи газбен газдандыру мәселесі болатын. Газ құбырларын тарту жұмыстары 100 % аяқталып, 42 мыңнан астам абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылып, 26 400 абонент (63%) көгілдір отын тұтынуда. Бұдан бөлек, әкімшілік - іскерлік орталығында жалпы ауданы 465,3 мың шаршы метр немесе 9052 пәтерді құрайтын 177 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 28 үйдің құрылысы аяқталып, 1150 пәтер пайдалануға берілді»,-деді Өмірзақ Шөкеев жуырда өткен есептік кездесуінде. 

Өңірдің әлеуеті мен туризм саласын көтеретін бірден-бір ірі жоба Түркістан қаласының халықаралық әуежайының құрылысын атап өтуге болады. Түркістан халықаралық әуежайы былтыр еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен техникалық іске қосылып, 1 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы әуе рейсі ұша бастады. Бүгінде әуежайдан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына әуе рейстері орындалуда. Алдағы уақытта еліміздің өзге қалаларына және шетелге әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

Жеке салымшылар тарапынан «Керуен - Сарай» кешені, халықаралық стандартқа сай «Rixos Turkistan», «Hampton by Hilton Turkistan», «НұрӘлем» қонақ үйлері сынды ірі жобалар салынып, оның «Rixos Turkistan», «Hampton by Hilton Turkistan» қонақ үйлер толық аяқталды. «Керуен - Сарай» кешені –көне шаһарға архитектуралық көрік беретін шығыс үлшігіндегі көп функционалды заманауи туристік жоба. 


Түркістан: Рухани-мәдени орталықта жеті нысанның құрылысы аяқталды
Мақсат-Түркістанның туристік әлеуетін көтеру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу