Қасқасуда қысқы туризм түлейді

Oinet.kz 01-09-2022 396

Screenshot_1.png

Тау бөктерінде жайылып жатқан Төле би ауданы туристерді тек жайдарлы жазда ғана емес күз, қыз айларында да қабылдауға дайын. Себебі мұндағы Қасқасу өлкесі  қысқы туризмді дамытуға өте қолайлы. Әсіресе шаңғы теуіп, қарлы ауа-райын ұнататындар үшін  таптырмас орын.  

 Алдағы күндері Қасқасу ауылының Сарыбұлақ шатқалындағы Ақмойнақ тауының бөктерінде «Қасқасу» туристік рекреациялық кешені бой көтеруде. Туристердің сүйікті орнына айналғалы тұрған жобаның сыртқы инженерлік-инфрақұрылым соммасы – 3,6 миллиард теңгені құрайды. Кешеннің инфрақұрылымдарын, оның ішінде жол, ауыз су жүйелері, подстанция орнату, канализацияның қондырғыларын  орнатуға  биылғы  жылға 1 миллиард 800 миллион теңге қарастырылған.  

Screenshot_3.png

Жоба туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП – 50 нысанның тізіміне енгізілген.   Жоба жүзеге асырылғанда 5000-ға жуық жұмыс орнын құру күтілуде. Кешен толық іске қосылған кезде шаңғы трассаларының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың адамның қоңыр күзден көктемнің ортасына дейін демалуына мүмкіндік жасайды.  Яғни мұнда күніне 4 000-ға жуық  адам келіп, 2 000-ға жуық шаңғышы бір мезетте шаңғы тебе алады. Демалыс, әрі саяхат кешені алыс-жақын шетелдіктерді де қызықтырады дейді сала мамандары.  

Screenshot_2.png

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі заманғы тау шаңғысы курортының құрылысы өңірдегі жаппай тау шаңғысы спортын дамытуға серпін береді, отандық туризм индустриясы қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде келушілер саны 110 мыңнан 140 мыңға дейін артады деп күтілуде.  Ішкі және кіру туризмінің басым дамуын ескере отырып, Түркістан облысында 2025 жылы туристер ағыны мен келушілер санын 2 миллион адамға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл межеге жетуге жаңа әрі ірі тау корортыда өз үлесін қоспақ. 

Төле биде туризм экономикаға серпін беруде
Төле би ауданында 140 туристік нысан жұмыс істейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу