Төле би ауданында 140 туристік нысан жұмыс істейді

Oinet.kz 01-09-2022 639

Screenshot_5.png

Тау етегінде орын тепкен Төле би ауданы бүгінде  «Қазақстанның Швейцариясы» атанып кеткен. Ауданның тау жоталары Алатау мен Жабағылы, Балдыберек, Бұғылытау, одан Талас Алатауының батыс сілемдеріне ұштасқан. Оңтүстік өңірдің мақтанышына айналған ауданның іргесіндегі сұлулар таққан шолпыдай сыңғырлап ағып жатқан Қарасу мен Сайрамсу өзендері тұнық­тығымен ерекше. Ал суы мөп-мөлдір, екі жағын жоталар жапқан Ақсу каньонын тамашалаудың өзі бір ғанибет. Ауданның тағы бір мақтанышы өзіміз түгілі өзгерлер де таңқай қағып қарайтын Ақсу-Жабағылы қорығы. Қорықтың басым бөлігі Төле би ауданының шекарасына кіреді. Әрі бұл жерде түрлі шипажайлар мен демалыс орындары жұмыс істеп, халыққа ем-шипа көрсетіп келеді.

Screenshot_6.png

 Демалушылардың арманына айналған өлкенің туризм саласы соңғы жылдары айтарлықтай дамып келеді. Қазіргі таңда  туризм саласында аудан аумағында  жалпы 140 нысан бар. Оның ішінде:  

- 1 шанғы базасы  «Тау самалы»;

- 4 емдік сауықтыру орны: «Біркөлік» санаторий  және  үш саумалмен  емдеу сауықтыру  орындары - ЖК Еспенбетова Гулмира,  ЖК Есимова Гулсім;  ЖК Мадазимов Батырхан 

- 71 демалыс  аймақтары; 

- 64 саяжайлар жұмыс жасайды. 

Screenshot_7.png

Өткен жылы Төлеби ауданында  жыл ішінде 37462 турист келген. Ал тартылған инвестиция көлемі -   1 млрд 362 миллион теңгені құрады.

Оңтүстіктің жазы ұзақ, қысы қысқа. Сондықтан болса керек, облыста жазғы демалыс орындары көптеп кездеседі. Ал өңірдің таулы аймақтарындағы тұнып тұрған табиғат туризмге сұ­ранып-ақ тұр. Әсіресе, Төлеби ауданының тау жоталары мен қыраттарының салқын самалы қаланың қапырық ауасынан қашқандарға пана болып келеді. 

Screenshot_8.png

Қасқасуда қысқы туризм түлейді
«Мың шейіт» - әулиелі мекен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу