«Мың шейіт» - әулиелі мекен

Oinet.kz 01-09-2022 965

Screenshot_9.png

Төле би ауданы талайларды тамаша табиғатымен ғана емес сонымен қатар тарихи-мәдени ескерткіштерімен де қызықтырып келеді. Бүгінде ауданда туризм саласы тек демалыс аймақтарымен ғана шектеліп қалмай археологиялық, тарихи нысандарды насихаттау арқылы да дамып келеді. Тасын түртсең тарихы ақтарылатын өңірде ағыз бен ақиқатқа толы нысандар жетерлік. Солардың бірі «Мың шейіт» қорымы.Сайрамсу өзенінің жа­ғалауында орын тепкен Мың шейіт қорымы әудем жерді алып жатыр. Қорым­ның қасына бау-бақша егі­ліп, мешіт, зияратхана са­лын­ған.

Қасқасу ауы­лы­ның маңындағы «Мың шейіт» атты әулиелі мекен жайлы аңыз көп. Соның бірінде Оңтүстік жеріне дін исламды таратуға келген араб сарбаздары жерленгені айтылады. Жоғарыда біз атап өткен қариялардан бүгінге жеткен әңгімелерге жүгінсек, Хазіреті Осман Зунираиннің ұлы Шахи Жалил Түркістан аймағына ислам дінін таратуға келген екен. Ол кезде бұл аймақта ислам діні тарал­маған. Шахи Жалил осы аймақтың жергілікті хал­қымен соғысып, басым бөлігін ислам дініне кір­гізеді. Аймақта хандық құр­ған Ухшит жеңіліп, дінді қабыл­дайды.

Screenshot_10.png

Бірақ ол шын көңі­лімен, адал ниетімен кірмеген екен. Хан Ухшит Шахи Жалилді сендіру үшін қызын әйелдікке береді. Сөйтіп қызы арқылы Шахи Жалилді қолға түсірудің жолын іздейді. Яғни мұсылмандардың намаз уақытында ғана қылыш ұстамайтынын біліп алады да астыртын әрекетке кі­ріседі. Шахи Жалил де бір­ жа­мандықты сезсе керек. Ер­теңіне мұсылмандар на­маз­ға тұра бастағанда Ша­хи Жалил имамға намазға қысқа сүре оқу қажеттігін айтады. Имам сүренің ең кішісін оқи­мын дегенімен, аузына ұзақ аяттардың бірі түседі. Имам оны оқып бітіргенше Ухшиттің адамдары намазда тұрған көп мұсылмандарды шауып өлтіреді. Алдыңғы саптағылар қалғанда намаз бітеді. Тірі қалғандары сыртқа шығып үлгеріп, қасық қаны қалғанша соғысыпты. Бірі сол жерде қаза болса, тағы бірі сол жерге таяу Керегетас деген жерде көз жұмады. Тағы бір топ мұсылман Абдул абад, Қарамұрт елді мекеніне таяу жерде ажал құшады. Намаз үстінде қаза болғандар жерленген жерге «Мың шейіт» деген атау берілген. 

Screenshot_11.png

Кей дерек­терде «Мың шейіт» деп аталға­ны­мен бұл жерде 6 мың адам шейіт болғаны айтылады. Олардың барлығы қылыш, найзасы мен сауыт, сайманымен қойылған.  Шейіт болғандарды жерлеген мазарат пен мешіттің арасын өзен суы бөліп тұр.

 Бүгінде талай тарихтың куәсі болған «Мың шейітке» келуші туристердің қатары артып келеді. Қазақтың тарихы, мәдениетіне қызығушы жандар бұл қасиетті өлкеден қаншама сырды ақтарып қайтары анық. Зиярат етушілерге ыңғайлылық үшін мұнда инфрақұрылым жұмыстары жүргізілген. 

Screenshot_12.png

Төле би ауданында 140 туристік нысан жұмыс істейді
«Көз ата әулие» кесенесіне зиярат етушілер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу