Жолдау жүгін нәтижелі іс жеңілдетеді

Oinet.kz 11-10-2022 215

Бүгін Еңбекші ауданының  Маятас тұрған алабында орналасқан №119 мектеп қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын AMANAT партиясының  Еңбекші аудандының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Screenshot_1.jpg

Басқосуда Г.Жартыбекова тұрғындарға Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауда айтылған қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне, сондай-ақ, Ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралардың маңыздылығын айтты.

Ұстаздар қауымы Жолдаудағы білім саласын ілгерілетуге қатысты айтылған ойларды ортаға салып, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруда өз үлестерін қосатынын тілге тиек еткен педагогтер Жолдауды қолдайтындарын жеткізді.

Жигули Дайрабаев президенттікке кандидат ретінде тіркелді
Түркістан облысында республика күніне орай 1200-ден астам маңызды іс-шара өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу