Арыс қаласында 3159 адам жұмыспен қамту шараларына тартылған

Oinet.kz 22-11-2022 305

Түркістан облысының Арыс қаласында өткен тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңірлік өнім көлемі 23,7 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,6 миллиард теңгеге артып отыр.

Screenshot_32.jpg

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, биыл Арыс қаласында жұмыспен қамту шараларына 3159 адам қамтылған. 

- Арыс қаласында 2022 жылдың тоғыз айында өнеркәсіп өнім көлемі есепті кезеңде 4 миллиард 942,7 миллион теңгеге жетті. Ал негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 11 миллиард 900 миллион теңгені құрап, өсім бойынша облыс бойынша көш бастадық. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 17 миллиард 130,2 миллион теңгені құрады. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 3 159 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты, - деді Гүлжан Мамытқызы.

Бұдан өзге, Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 2 миллиард 265,7 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артқан. Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция 1 миллиард 360,3 миллион теңгені құрап отыр. Биыл қала бойынша 10486 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.  

Әкімнің айтуынша, 2023 жылы қала аумағында жылына 50 мың тонна мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт іске қосылмақ. Жобаның жалпы құны - 11 миллиард теңгені құрайды. Жаңа өндіріс орнында 112 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. 

Кентау қаласында 25 жоба несиемен қаржыландырылған
Кентаулық кәсіпкерлерге бағыт-бағдар берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу