«Turkistan» арнайы экономикалық аймағында 91 жоба жүзеге асырылады

Oinet.kz 19-11-2022 196

Бүгінгі таңда Түркістан облысының Түркістан қаласында «Turkistan» арнайы экономикалық аймақтың инженерлік инфрақұрылымның құрылысының екінші кезеңі жүзеге асуда. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Оранғай ауылында орналасқан аумағы 365 гектар аумақты алып жатқан арнайы экономикалық аймақта болды. Ондағы газ, жол, су, жылу мен кәріз жүйесінің құрылысының жәй-күйімен танысты.

Screenshot_20.jpg

«Turkistan» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 650,772 миллиард теңгені құрайтын 91 жоба жүзеге асыру көзделген. Бүгінде 65 жобаның іске қосылуынан 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Барлық жоба бойынша 8 мыңға жуық адам жұмысқа орналасады

Мұнда өрт сөндіру депосы, байланыс жүйесі, бақылау өткізу бекетінің құрылысы жоспарланған. 23 шақырым газ құбыры жүргізіліп, құрылыс жұмыстар жалғасуда. Сонымен бірге құрылыс нысанының айналасын абаттанттыру жұмыстары да қоса атқарылуда.  

- «Turkistan» арнайы экономикалық аймақта бизнесін ашуға ниетті кәсіпкерлерге барлық жағдай жасауға міндеттіміз. Біз ұсынатын мүмкіндік өте қолайлы болуы тиіс. Тариф төмен, мүмкіндік мол болуы қажет. Ең алдымен арнайы экономикалық аймақта орналасатын жаңа жобалар үшін инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығы басым, - деді қала әкімі. 

Қала әкімі кәсіпкерлерді қорғайтын және дамытатын, өткізу нарығына жол ашатын, өнімділікті ұлғайтып, қазақстандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын, сонымен қатар, ашық әрі прагматикалық салықтық-бюджеттік саясат қалыптастыру керектігіне назар аударды. Индустрияландыру картасы аясында экономикалық аймақтың табысты дамуына жаңа серпін беретін өнер­кәсіптер мен аймақтардың инфрақұрылымын жандандыру мәселелеріне басымдық беріледі. 

Бұл аймақтар – өндіріске инвестиция тартудың негізгі алаңдарының бірі. Себебі, оның аумағында орналасқан кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер ұсынылады. Атап айтқанда, кәсіпорын ашу үшін инвесторға барлық инфрақұрылым желілері жүргізілген жер телімі тегін беріледі. Оған қоса мұндағы компаниялар жер салығы, мүлік салығы мен корпоративті табыс салығынан босатылады. АЭА аумағында тауар өндірушілерге электр қуаты арзандатылған тарифпен беріледі.

Яссыда және Сауран шағын аудандарында өзекті мәселелер шешімін табуда
Түркістан қаласына тоғыз айда 192,1 миллиард теңге инвестиция тартылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу