Кітапханашылар семинары

Oinet.kz 20-11-2022 447

Аудандық орталық кітапханада Түлкібас аудандық орталық кітапханалар жүйесінің қызметкерлерінің қатысуымен «Аудан кітапханаларында атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен дамудың нақты бағыттары» тақырыбында қорытынды семинар-кеңес өткізілді.

Screenshot_12.jpg

Семинар-кеңесті Түлкібас аудандық орталық кітапханалар жүйесінің директоры Қ.Кенжебаева ашып, жүргізді. 

Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі З.Пернебекова «Кітапханалық қызмет: 2022 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары, жаңа мүмкіндіктер мен мәселелер» тақырыбында баяндама жасады. 

Ол өз кезегінде атқарылған жұмыстардың қорытындысын бере отырып,  кітапхананың 2023 жылғы іс-шараларға, жоспарға бағыт-бағдар берді. Ал  кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері А.Әбзел «Кітапханадағы көпшілік іс-шараларға жаңаша көзқарас, әдістемелік нұсқаулар» атты баяндамасын оқып, кітапханашыларға тың жобалар ұсынды. 

Мұнан соң, құжаттарды өңдеу және сақтау бөлімінің меңгерушісі М.Суюндыкова «Кітапхана жүйесіндегі кітап қорының жалпы мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. 

Семинар соңында, жұмыс барысындағы жалпы мәселелер талқыланып, түрлі сұрақтарға жауап берілді.

Еңбекшілердің ерен мерекесі
Түркістан экономикалық аймаққа айналмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу