Студенттер алаңда

Oinet.kz 10-11-2022 219

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Көксәйек ауылдық округіндегі Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің спорт залында «Төлеби ауданының 90 жылдығына орай» колледж студенттері арасында волейболдан ұлдар мен қыздар арасында аудан біріншілігі өтті. 

Screenshot_35.jpg

Жарысты Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Беккали Нурсейтұлы ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіліді.

Аталған жарысқа «Мейір-Бейс» жоғары колледжі, Түркістан көпсалалы - техникалық  колледжі, №8 колледжінің студенттерінен құралған  6 команда қатысты.

Тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада жалпы командалық есепте  I орынды Түркістан көпсалалы-техникалық  колледжі жеңіп алса, «Мейір-Бейс» жоғары колледжі II орынға тұрақтады. Ал, №8 колледжі III орынды иеленді. 

Жарыста марапаттау салтанатын Төлеби  ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы  Әлиасқар Қалықұл және Түркістан көпсалалы-техникалық  колледжінің дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Марат Ережепов жарыс жеңімапаздары мен жүлдегерлерді марапаттады.

Таланттарды даралаған байқау
Өнеркәсіп өндірісі артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу