Аудан әкімі жас ақынның кітабын шығарып берді

Oinet.kz 12-11-2022 225

Өнер адамдарына қолдау көрсету жақсы дәстүр. Әсіресе жас таланттарға деген қамқорлықты бірінші болып Төлеби ауданында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың өзі көрсетіп отыр. 

Screenshot_39.jpg

«Осыдан бір ай бұрын өзімнің әлеуметтік желідегі жеке парақшама Диқанкөл ауылының 11-сынып оқушысы Дүйсенбек Нұрдәулет Нұрғисаұлына хат жазып, жазған өлең жолдарынан үзінді жіберіп, сауалы бар екенін айтты. Ол жасөспірімді Диқанкөл ауылына барған сапарымда арнайы үйіне іздеп барып, жолықтым. Он жылдан бері денсаулық жағдайына байланысты үй жағдайына білім алып отырған жас ақынның өлеңдерімен таныстым. Жап жақсы дүниелер екен. Сол жолы өлеңдерін жинақтап алып кетіп, кітап етіп басып шығаруға уәде берген едім, - дейді аудан әкімі Төлеген Телғараев. 

Бүгінге дейін Нұрдәулет 70-ке жуық аудандық, облыстық деңгейдегі шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алған. 100-ден аса өлеңі бар екен. Оның бірнешесі аудандық басылым бетінде жарық көріпті. 

Аудан әкімі уәдесіне берік болып, кітаптың жарыққа шығуына ықпал етті. Сөйтіп сол ауылда округ тұрғындарымен өткен кездесуден кейін, Нұрдәулет Нұрғисаұлына 300 дана баспаханадан шыққан алғашқы туындысын табыс етті. 

Жас ақынның жыр кітабы «Жас қалам» деп аталып, оған аудан әкімі алғы сөз ретінде өзінің жылы лебізін жазып қалдырған. Бұл жыр жинаққа ақынның кейінгі жылдарда жазылған жауһар, сыршыл жырлары топтастырылыпты. Қаламгердің  туған жер, туған дала, мемлекеттік тілдің жанашыры ретінде жастардың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында жазған шығармалары оқырманды табиғилығымен өзіне баурап алуда. Тырнақалды өлең жырлары жарық көрген кітап ауданның барлық кітапханаларына жолданған.  

Ауданның жас қаламгерімен кездесуге аудан әкімі Төлеген Тұртайұлымен бірге, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы барып, шығармашылығына табыс тілеп, оның мөлдірлік пен тұнықтыққа толған өлеңдері жастарды тәрбиелеп, үлкендерге ой салатын туынды болсын деген ізгі тілегін жеткізді.

Төлеби ауданы – суретшілер отаны
Балаларды баурап алған сахналық қойылым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу