Мүмкіндігі шектеулі арулар қолөнер шеберлерімен шеберлік алмасты

Oinet.kz 21-11-2022 265

Созақ аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Шебер қолдар» тақырыбында іскер, мүмкіндігі шектеулі азаматшалар арасында қолөнер шеберлерімен кездесу өтті. 

Screenshot_4.jpg

Аталған орталық жыл басынан бері мәдениет, спорт, денсаулық, тағыда басқа сала қызметкерлерінің  еңбектерін көпке үлгі етіп, оны дәріптеу мақсатында  бірнеше іс-шаралар легін қолға алуда.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов қатысып, өнерге, өмірге құштар аяулы жандарға ізгі ниетімен тілегін білдірді. Сондай-ақ, «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының маманы Біржан Саржанов, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Эльмира Қайдауқызы өнерлі, аяулы жандарға деген ыстық ықыласын жеткізді. 

Сонымен қатар, өнер арқылы өмірдің қыр-сырын танып, өзін- өзі бағалап , «Шебер қолдар» деген атқа лайықты бола білген аналарымыз бен ару қыздарымыз Бақыт Смахова, Төреқыз Ибраймова, Малина Жақсыбаева, Томирис Мадалиева, Айгерім Дунаева, Жарқынай Мырзағұл, Мереке Маратқызы мен  Айнұр Темірәліқызы жиналған қонақтарға өз өнерлерін көрсетті. 

Аталған шарада аудандық  «Мыңжылқы» мәдениет үйінің әншілері әсем ән орындап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Тұрғындар өтініші билік назарында
Үйлесімді отбасы – бақытты балалық шақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу