Кентау қаласы көгілдір отынмен қамтылды

Oinet.kz 16-11-2022 208

Түркістан облысының Кентау қаласын көгілдір отынмен қамту күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі еді. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов үйдің ішкі газ құрылысы жүйелерін жүргізіп жүрген шаһардағы 12 мердігер мекеме мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының басшыларымен кездесіп, тұрғындардың қауіпсіздігі және құрылыс жұмыстарының барысын талқылады. 

Screenshot_35.jpg

Кентау қаласын газбен қамту іс-шаралары барысында орын алған кемшіліктер жойылып, қайта қысыммен тексеру жұмыстары аяқталып, қала табиғи газбен қамтамасыз етілді. 

Кентау қаласын ішкі орам жүйелерін газдандыру, жоғары қысымды газ құбырының І-ші кезең нысандары толық табиғи газбен толтырылған. ІІ кезең нысанының ақаулары қайта қалпына келтіріліп, қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, орындалу техникалық құжаттамасын алу жұмыстары жүргізілуде. ІІІ кезең нысанын қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нысанды желтоқсан айының соңына дейін табиғи газға қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ жиында белгілі болғаны, Кентау қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесінен жаңадан бой көтерген 10 көп қабатты тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда, Кентау қаласында  «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының «Кентау Газ Шаруашылығы» штаттық режимде жұмыс атқаруда.

Қала әкімі Жандос Тасов мердігерлерге тұрғындардың қауіпсіздігі және құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда ұстауды тапсырды. 

Қазіргі таңда, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының «Кентау Газ Шаруашылығы» қаладан 1700 абоненттің өтінішін қабылдап техникалық құжаттама және инженерлік техникалық құжаттамаларына тапсырған. Кентау қаласында 230 жеке және Яссауи көшесі №89а көп қабатты тұрғын үй табиғи газбен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың соңына дейін 200-ге жуық жеке тұрғын үйлер табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сондай-ақ Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалаға қарасты Байылдар ауылына жасаған жұмыс сапарында ауыл тұрғындармен кездесті. Кездесуде көптен бері көтеріліп жүрген ауылдан қалаға қатынайтын айналма жолдың құрылысы айтылды. Бүгінгі таңда тас төселген жолға асфальт салу жайы 2023 жылы жүзеге асырылмақ. 

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан ауылға газ тарту мәселесі көтерілді. Қала басшысы 2025 жылға дейін ауылдарға газ жеткізу жоспарланғанын атап өтті.

Ауыл тұрғындар көше жарықтарының бағаналарын жаңарту жайында сөз етті. Сондай-ақ сол секілді бірқатар мәселелер айтылды. Қала басшысы әрбір ұсыныс, өтінішті тыңдап, тиіста сала басшыларына тапсырып, бақылауда болатынын түсіндірді. Ауылға қатынайтын қоғамдық көліктің демалыс күндері жүру бағыттарыда жолға қойылғаны айтылды.

Арыс қаласында 100 жыл толған мектеп бар
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Кентау қаласында анықталған бұзушылықтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу