Түркістан: Қазығұртта заманауи жабық футбол алаңы ашылды

Oinet.kz 23-01-2023 247

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында заманауи үлгідегі «Арсенал» жабық футбол алаңы ашылды.  Кіші футболға арналған алаңды ағайынды кәсіпкерлер әрі ауыл тұрғындары өз қаржыларына салған.

Screenshot_6.jpg

Жасанды алаң жабық ғимаратта орналасқандықтан кез келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Онда футболшыларға барлық жағдай жасалған. Киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер бар. 

Ағайынды кәсіпкерлер Нұркен және Олжас Өсербаевтар ауылдағы жабық футбол алаңдарының көбеюі - бұқаралық спортты дамытуға, соның ішінде аудан көлемінде кіші футболдың қарыштап дамуына өз септігін тигізіп жатқандығын жеткізді. 

Айта кетерлігі, қазіргі таңда «Қазығұрт» футбол командасы республикалық турнирлерде топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Саяси науқаннан ешкім тыс қалмауы керек
Түркістан: Келес ауданында 81 600 гектар жер ортақ жайылымға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу