Келес ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты

Oinet.kz 02-02-2023 217

Келес ауданында қырдан жиналған сулар сай-салалар арқылы қашыртқыларға түсіп, қалыпты жағдайда ағып жатыр. 

Screenshot_8.jpg

Жамбыл ауылдық округінің Майдабозай елді мекенінінде қырдағы қардың еруі және жаңбыр суынан жиналған сулар қырдың өз сағасымен ағып, Сырдария өзеніне құйып жатыр. Қазіргі таңда Майдабозай елді мекенінен өтетін автожолының астындағы су өткізу құбырының деңгейі тар болуына байланысты жиналған су жол үстінен 1 сағатқа жуық өтті. Қазір су деңгейі төмендеп, жиылған су қалыпты жағдайда өтуде. 

Screenshot_7.jpg

Жағдайды бақылау мақсатында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Хайрулла Кеңесов Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінде болып, төтенше жағдайды болдырмау мақсатында жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне тапсырмалар жүктеді. 

Сонымен қатар, аудан орталығындағы екі көшенің бойына су жиналған. Абылайхан көшесінде жиналаған жаңбыр суын «Келес қызмет» мекемесінің қызметкерлері су сорғылар арқылы лотокқа тастауда. Сондай-ақ Ә.Сөлкебайқызы көшесінде оссенизаторлар  арқылы жаңбыр суларын шығарылуда. Ал Ошақты ауылдық округі арқылы өтетін Сарыжылға қашыртқысындағы көпір маңдарына арнайы техникалар жұмылдырылып, тазаланды. 

Қазіргі уақытта қар суының еруі мен жаңбыр суынан жиналған сулардың тұрғын үйлер мен төрт түлікке жеткізер қаупі жоқ. Жағдай толық аудан әкімінің  бақылауда.


Түркістан қаласына тартылған инвестиция көлемі 8,5 есе артты
Мақтааралда арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер тоқтаусыз тазалануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу