Шымкентте 100-ге келген кейуана дауыс берді

Oinet.kz 19-03-2023 179

Шымкент қаласы Қатынкөпір шағынауданының тұрғыны 100 жастағы кейуана Айымкул Орынбаева кезектен тыс ҚР Парламент Мәжілісі мен қала мәслихаттары сайлауында өз үйінде дауыс берді.

IMG-20230319-WA0413.jpg

Ғасыр жасаған әжей қаладағы №52 мектеп ғимаратында орналасқан №283 сайлау уческесі арқылы өз таңдауын жасады. 

–Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, елдің қамын ойлаған азаматтарға Алла жар болсын! Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!,- деп батасын берді кейуана. 

Әжеміз өз ғұмырында елімізде өткен барлық сайлауға қатысып, белсенділік танытқан жан екен. Бұл жолы да өз үрдісінен танбай саяси науқанның ардагері атанды. 

Айта кетсек,  №283 сайлау учаскесіне 2 829 сайлаушы тіркелген. Мұнда тұрғындардың сайлауға деген белсенділігі өте жоғары.  Таңнан бері 112 адам өз таңдауын жасаған. 

Ал жүріп-тұруы қиын жандарға комиссия мүшелері өздері барады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. 

«Шымкент келбеті»

Шымкент қаласының әкімі сайлауда өз таңдауын жасады
Абай ауданы: Тұрғындар бірауыздан науқанға қатысып, наурызды тойлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу