Минстр Асхат Оралов қарағандылық жас джиу-джитсу палуанына алғыс хат жолдады

Oinet.kz 01-06-2023 205

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қарағандылық жас палуан, джиу-джитсу бойынша күресетін Ілияс Балтағазыға Алғыс хат жолдады. 14 жастағы спортшы татамидегі шеберлігінің арқасында әлеуметтік желі жұлдызына айналды.

Screenshot_9.jpg

Ілияс джиу-джитсу күресімен 2017 жылдан бері айналысады. 6 жыл ішінде ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азия чемпионы және Абу-Дабидегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Министр жас спортшының жетістіктерін атап өтіп, болашақта одан әрі жеңістер тіледі.

«Қазақ спортының болашағы Ілияс сияқты жас таланттармен байланысты. Ол біздің елімізді халықаралық деңгейде абыроймен таныстырып үлгерді, оған қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, әлем чемпионы болуды, содан кейін Қазақстанға Олимпиаданың алтын медалін әкелуді тілеймін», – деді Асхат Оралов.

Түркістан: Арыста ерекше балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды
Прокурорлар есірткіге қарсы акция өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу