«Ордабасы - татулық пен тұрақтылық мекені» этнобайқауы өтті

Oinet.kz 19-06-2023 162

Ордабасы ауданындағы ұлтаралық татулық пен этносаралық келісімді нығайту мақсатында аудандық ішкі саясат,  мәдениет,  тілдерді дамыту,  дене шынықтыру және спорт бөлімі,  аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдерінің қатысуында ұлттық ойын түрлерінен "Достық лигасы"спорттық сайысы және "Ордабасы- татулық пен тұрақтылық мекені"  этнобайқауы өтті. 

Screenshot_15.jpg

Байқауға білім беру,  денсаулық сақтау,  спорт және ауыл тұрғындары тарапынан командалық топтар қатысты. 

Бекітілген ережеге сәйкес, командалар ұлттық салт- дәстүрден көрініс көрсетіп,  арнайы әзірленген ұлттық тағамдардың жасалу жолы мен маңыздылығын түсіндіріп,  спорттық сайысқа белсене қатысты. 

Жалпы ұпай қорытындысымен "Ынтымақ", "Толағай" командалары сайыстың жүлдегелері атанды. 

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, белсенді қатысқан командаларға алғыс хаттар табысталды.

Ұлттық құрылтайда мемлекеттік қызметшілердің сапа критерииі айтылды
Түркістан облысында бес жылда 100 мектеп бой көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу