Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Манашы» бөбекжайы

Oinet.kz 22-06-2023 254

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Манашы» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жүргізілген аудит нәтижелері.

«Әділдік жолы» РҚБ-ның арызы негізінде Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Манашы» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында аудиторлық іс-шара жүргізілді. 

Тексеру нәтижесінде ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексінің (Бұдан әрі – Еңбек Кодексі) 79-бабында 1-тармағында жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті, 2-тармағында жұмыскер жұмыс істеген  және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады делінген. 

Алайда, Еңбек Кодексінің талаптары бұзылып, 7 091,38 мың теңге қаражат көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Келтірілген қаржылық бұзушылықтарды орындауға және бұзушылықтарға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарауға нұсқама жіберілді.

ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті» РММ – нің мемлекеттік аудиторы

Жақсыбекқызы А.

«Управление координации занятости и социальных программ Мангистауской области»
«Каракиянский районный отдел строительства, архитектуры и градостроительства»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу