Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жалғасуда

Oinet.kz 01-07-2023 132

26.jpg

Түркістан қаласында тұрғындардың өтінішіне сәйкес абаттандыру, инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр. Аталған мәселе қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиында талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінде «Отырар» шағынауданын абаттандырудың III кезеңі бойынша асфальт төселіп, жаяу жүргінші жолағы салынуда. 3 балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасының құрылысы қарқын алған. Одан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлердің сыртын жарықтандыру жұмыстары аяқталуға жақын. 

Көгалдандыру бағытында жасалған жобалар аясында «Гүлдер» саябағы мен Сейхун көшесі аралығына 2 шақырымға созылған ирригациялық арық салынуда. 

Абылай хан көшесіндегі сквер құрылысында көгалды аумақ пен жаяу жүргінші жолы және асфальт төселуде. Б.Саттарханов даңғылында басталған абаттандыру және көгалдандыру жобасы бойынша жалпы ауданы 15,2 гектарда жұмыстар жүріп жатыр. Сондай-ақ қала 15 балалар ойын алаңшасы және спорт алаңшасымен толығады. 

Жоспарланған 15 жобаның үшеуі – «Бекзат» секторында, алты алаңша «Сауран» секторында, «Шауғар» тұрғын алабында 4 алаңша және «Яссы» мен «Отырар» секторларында бір нысаннан салынады.

Одан бөлек, шаһар аумағындағы бірнеше көпқабатты тұрғын үй ауласында абаттандыру ісі қолға алынды. Нақтырақ айтқанда, Балақаев көшесі, Төле би және Ж.Қыдыр көшелеріндегі екі үйдің ауласына Тәуке хан даңғылы бойындағы №72, 73 үйлер ауласында абаттандыру жұмыстарының 80% аяқталған.


«Ауыл аманаты»: Түркістан облысы көш бастап тұр
Кәсіпкерлік тәуекелді талап етеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу