Кәсіпкерлік тәуекелді талап етеді

Oinet.kz 01-07-2023 153

27.jpg

Адал еңбек, маңдай термен тапқан нанның қашан да берекесі мол болатыны анық. Бүгінде Түркістан облысында ерінбей еңбек етіп, кәсіптерін дөңгелетіп отырған азаматтар аз емес.

Солардың бірі – наубайхана өндірісін жолға қойған Сарыағаш ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Р.Кемелов.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, кәсіпкер биыл сәуір айында мемлекеттік грант алып, «Пернебек ата» наубайханасын ашып, бүгінде нан өндірісін дамытып отыр. Күніне 100-ден астам нан жауып, сауда нүктелеріне таратады.

Кәсіпкерлік саласы көп еңбекті және тәуекелді талап етеді. Десе де, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға үлкен мүмкіндік бар. Тек, кәсіп ашуға ниетті азаматтар мемлекеттің қолдауын дұрыс пайдалана білсе, еліміздегі кәсіпкерлік саласын бұдан да жоғары деңгейге көтеруге әбден болады.


Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жалғасуда
Әкім орынбасары тұрғындардың талап-тілегін тыңдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу