Әкім орынбасары тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Oinet.kz 01-07-2023 135

28.jpg

 Түркістан облыстық «Ашық әкімдік» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдады. Қабылдауға 10-нан астам алдын ала жазылып, мәселелерін айтты. Созақ, Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Сауран аудандары, Арыс және Түркістан қаласының тұрғындары талап-тілектерін жеткізді. Облыс әкімінің орынбасарымен кездесуге Қарағанды облысынан арнайы келген. 

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің басым бөлігі жер саласы, су шаруашылығы мен жұмыспен қамту бағытына қатысты болды. Өтініштерді қабылдау барысында зерделеуге жауапты облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ тиісті мекеме өкілдері шақырылды. 

Азаматтардың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған Ермек Кенжеханұлы талап-тілектердің оң шешілуіне ықпал ететінін айтты. Хаттама түзіліп, заңға сәйкес қаралатынын және өтініш иелеріне жауап жолданатынын мәлімдеді. 


Кәсіпкерлік тәуекелді талап етеді
Келесте жаңа нысандар салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу