Түркістанға Мақтааралдан керуен келді

Oinet.kz 03-07-2023 355

 49.jpg

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап Travel – 2023» акциясы аясында «Шежірелі өлкеден – Рухани темірқазыққа» шарасы өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Кезекті кітап керуенімен Мақтаарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі келді.

Әдеби-мәдени шараның ашылуында облыстық кітапхана директорының орынбасары Жанар Жақсылыққызы және Түркістан қалалық әжелер алқасының төреайымы Айғаным Серім, сондай-ақ Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы, Мақтаарал ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Жандарбек Тоқтарұлы, Мақтаарал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Ілесқызы сөз сөйлеп, шараның мән-мазмұнына тоқталды.

Жиын барысында «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында Мақтаарал ауданынан 200 дана кітап және 1907 жылы шыққан Құран кітабы облыстық кітапхана қорына сыйға берілді. 

Шараның екінші бөлігі концерттік залда жалғасты. Кітапханашылар кейіпкерлер шеруін көрсетіп, көрермен назарына ән-би ұсынды.


«Күй құдыреті» байқауы мәресіне жетті
52 жас бизнес-жоспарын қорғады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу