Ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын

Oinet.kz 13-07-2023 220

ІІМ-не қылмыстық әрекет жасаған тұлғаның өз іс-әрекетімен жәбірленушінің қолында болған баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенін ескеру қажеттілігі туралы жүгіндім. 

Screenshot_27.jpg

Баланың қауіпсіздігіне қауіп төну фактісі әлеуметтік желілерде жарияланған бейне кадрлармен расталады. 

Сол себепті бұл жағдайда тұлғаны жауапкершілікке қосымша түрде тағы бір бап - "Қорқыту" атты ҚР ҚК-нің 115-бабы бойынша тарту қажет деп ойлаймын.

Қолданыстағы заңнамада баланың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туғызу үшін жауапкершілікті көздейтін бап жоқ. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға дайындалған өзгерістер блогына тиісті ұсыныс енгізетін боламын.

Жалпы, кез-келген жағдайда біз, ересектер, балалар туралы ойлауымыз керек деп санаймын.

Динара Закиева 

Facebook парақшасынан

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды
Кентаудың мәселесі депутат назарында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу