Мақтаралда 5 «Жайлы мектеп» құрылысы басталды

Oinet.kz 12-08-2023 101

4.jpg 

Биыл облыс көлемінде білім саласы бойынша оң өзгерістер орын алуда. Бала санының артуына байланысты пилоттық жобалар аясында аудандарда білім ошақтары бой көтеруде. Осы тұста Мақтаарал ауданында 200 балаға арналған 4 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар Жайлы мектеп ұлттық жобасымен тағы 5 мектеп салынуда.

Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков аудандағы құрылысы жүріп жатқан мектептерді аралау барысында анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша мердігер мекемелердің басшыларына сын ескертулер берді. Құрылысы жүріп жатқан мектептердің сапалы болуы басты назарда.

Аталған мектептерде пәндік кабинеттер оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен толықтай жабдықталады деп күтілуде. Сондай-ақ онда оқушылардың сапалы білімге қанық болып өсуі мен жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалады.


Түркістан: 805 миллион жалақы қарызы өндірілді
Түркістан: Ауылдар интернетпен 17% қамтылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу