Жетісай: «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті

Oinet.kz 22-08-2023

33.jpg 

Жетісай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданда дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы өткізіліп жатыр. Акция барысында мектеп оқушыларына сабаққа қажетті оқу құралдары, сөмкелері мен мектеп формалары арзан бағада сатылуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Шараға қатысушы аудан әкімі Серік Мамытов акцияның негізгі мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мүмкіндігінше көмек көрсету екендігін атап өтті.

Жәрмеңкеде облыс және аудан аумағындағы мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілер мен мектепке қажетті заттарды сатушы 50-ге тарта кәсіпкер аудан тұрғындары үшін өз өнімдерінің бағасын 15-20 пайызға төмен бағада ұсынуда.

Айта кетсек, ауданда 14-тамыз күні бастау алған аталған акция 1-қыркүйекке дейін жалғаспақ.


Дархан Сатыбалды: Өзіндік кірістерді арттыру үшін әкімдер жүмыс істеу керек
Жастар мамандық таңдауда жаңылмау керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу