Жастар мамандық таңдауда жаңылмау керек

Oinet.kz 23-08-2023 297

34.jpg 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев Түркістан қаласының жастарымен кездесу өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жеңіс» саябағында өткен кездесуге «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сұлтанхан Таштеев және «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық «Jastar Ruhy» жастар қанатының мүшелері қатысты.

– Қашан да еңбектің наны тәтті. Таза еңбекпен табысқа жеткен адамның күндіз күлкісі, түнде ұйқысы тыныш болады. Тынымсыз еңбек телегей табысқа жеткізеді. Жастар жастық шақта білім алып, тіл үйреніп, жан-жақты жұмыс істеп үйренсе, жалқаулыққа жол бермейді. Әркім өз мамандығын сүйсе, сүйсініп жұмыс істейді. Мамандық таңдауда жаңылмау керек. Жаңылған жағдайда да жеңілмеу керек. Қиындықтарды сабырмен және табандылықпен жеңуге тырысқан жөн, – деді Мәжіліс депутаты.

Жастар тек өз деңгейінде шектеліп қалмай, ел дәрежесінде қызмет етуі тиіс. Ашық әңгімелесу барысында Қайрат Рахымұлы қала жастарына өз өмір жолын таныстырды. Ел болашағы жастардың қолында екенін айта келе, өмірді өзгертуге арналған маңызды кеңестерімен бөлісті.


Жетісай: «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті
«Ауыл аманаты» кәсіпке бейімдейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу