Креативті идеялар байқауына қатысыңыз!

Oinet.kz 04-09-2023

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі еліміздің дарынды, креативті, көздеген мақсатына қол жеткізе алатын талантты азаматтарды анықтау мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» атты идеялар байқауын өткізеді! 

Screenshot_19.jpg

Байқаудың мақсаты - креативті идеялары бар облыс азаматтарын қолдау, жобаларды іске асыру үшін тиісті сала өкілдеріне жолдау. «Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты идеялар байқауына Түркістан облысының 14 жастан 60 жасқа дейінгі кез-келген Түркістан облысының азаматы қатыса алады.  

Байқауға қатысушылар мына бағыттар аясында баяндамасын дайындай алады: 

1) Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеует; 

2) Тілді дамыту;

3) Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

4) Отандық мәдени өнімді танымал ету; 

5) Жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту;

6) NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру;

7) Жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту.

Байқау 3 кезеңнен (өтінімдерді қабылдау, жобаларды іріктеу және  марапаттау) тұрады. 1-кезеңде өтінімдерді қабылдау кезеңі 20 тамыз бен 15 қазан аралығында өтеді. Өтінімдер  shanyrak.ideya.06@mail.ru  электронды поштасы арқылы жиналады. Power Point немесе PDF форматта жасалған презентациясы және Word құжатында жазылған қысқаша жоба аннотациясы болуы керек.

2-кезеңде іріктеу кезеңі 15-20 қазан аралығында. Пошта арқылы жиналған материалдар арнайы комиссияға ұсынылады. Комиссия отырысында идеяның маңыздылығы, өңірге ерекшелігіне сәйкестігі, жаңашылдығы сияқты критерийлері ескеріліп, іріктелген жұмыстар жеңімпаз деп танылады.

3-кезеңде салтанатты марапаттау рәсімі 20-қазанда Түркістан қаласы, «Ұлы дала елі» орталығында өтеді 

Байқаудың үздік 50 қатысушысы алғыс хат және кәдесыйлармен марапатталады. Ал қаржылай сыйақы -1 850 000 теңге. 

Байланыс телефондары 8-702-509-00-43, 8-707-009-31-58

Кәсіпкерлер балабақшаның 180 қызметкерінің құқығын қорғауды сұрайды
ТҮРКІСТАН: Көмір тапшылығы орын алып, баға өсуі мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу