Сауран: «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Oinet.kz 08-09-2023

Ағымдағы жылғы 7 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. 

Screenshot_20230908_102912_Facebook.jpg

Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков пен зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, жастар, ауыл тұрғындары қатысты. 

Іс-шара барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков облыстық «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауына қатысып, жеңіпмаз болған Манашовтар және Бексейітовтер отбасына аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады. 

Іс-шарада аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов және Ардагерлер кеңесінің мүшесі Ө.Ашенов, Ақсақалдар алқасының мүшесі Б.Ақатов, Сауран аудандық мәслихатының депутаты А.Раматуллаев ізгі тілектерін білдірді.

Концерттік іс-шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. 

Түркістан облысында биылғы жылы 8 - ші рет ұйымдастырылып отырған ұлттық конкурсына 143 отбасы өтініш білдірді. 

Облыстағы барлық аудан, қалаларда ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 31 отбасы жеңімпаз атанды. 

Ал, бүгін аудан атынан екі отбасы қатысса, сол 31 жеңімпаз отбасылардың арасына кіріп отыр. 

Үздік деп танылып, жанұядағы жарасымдылық пен өзінің қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 2 үздік отбасы Шорнақ ауылдық округінің тұрғыны Манашевтар отбасы. Екіншісі Майдантал ауылдық округінің тұрғыны Бексейітовтер отбасы. 

Манашев Бекжігіт Муратович 1961 жылдың 29 шілдесінде Шымкент облысы, Жетісай ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген.

2001 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады. 

Манашов Бекжігіт жалғыз басты жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ай сайын көмек көрсетеді.

2004 жылдан бастап өз кәсібімен қатар қоғамдық жұмыстарға атсалысады. 

2016 жылдан бері «Ж.Тәшенов» атындағы жалпы орта мектебінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. 

2021 жылдан бері Қосмезгіл ауылдық Ақсақалдар алқасының төрағасы болып елдің тұрақтылығы мен дамуы жолында жұмыс атқаруда. Қоғам белсендісі, жеке кәсіпкер.

Бекжігіт аға мен Райхан апа екеуі 2 ұл, 2 қыз, 9 немере тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

Бексейтов Ержан 1975 жылы 2 тамыз Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округінде Ынталы елді мекенінде туылған. 

Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінде Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебінде информатика пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. 

2021 жылы Бексейтов Ержан Кулахметұлын  Сауран ауданының «Құрметті азаматы» атағын алды. Қазіргі таңда Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінде, баспанаға мұқтаж 2 отбасыға 4 бөлмелі екі пәтер ауыл кәсіпкерлерін ұйымдастырып бастама жасап, баспана салып берді. 

Ынталы елді мекеніндегі аз қамтылған отбасыларға, ауыл жастарын ұйымдастырып әлеуметтік көмек ретінде азық-түлікпен көмір секілді қажетті заттарын алуға көмектесіп отырады. Таудан келетін ағын судан жеңіл көліктер өтетін ауыл ішінен бірнеше көпірлер салып, ауылымыздың өсіп-өркендеуіне белсене араласып, жастарды тәрбиелеуде, қоғамдық жұмыстарға етене араласуда.  

Бексейтов Ержан жұбайы Гүлмира екеуі 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.

Аталған шара қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні аясында өткізілді.

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Дархан Сатыбалды: «Елге қажетті әрі туризмді дамытуға серпін беретін нысандар салуға басымдық берілс
Түркістан облысында 188 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу