Мырзашөл өңірінде "Miras" көшпелі отырысы өтті

Oinet.kz 13-12-2023 157

Кеше Жетісай ауданында AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді қолдау жөніндегі «MIRAS» кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелерінен бөлек, аудан әкімінің орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің, әжелер алқасының төрағалары, мәдениет жанашырлары мен аудандық мәслихат депутаттары, аудан белсенділері қатысты. 

Screenshot_5.jpg

Күн тәртібінде Жетісай ауданының бүгінгі мәдени ахуалы талқыланды. Жиынды партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы, әрі  «MIRAS»  кеңесінің төрағасы Қалыйма Жантөреева  ашып, жүргізді. Партия алға қойған міндеттеріне сәйкес, елімізде мәдениет саласында оң өзгерістер болып, мәдени мұрамызды сақтау, рухани-мәдени дамуға жағдай жасау бағытында ауылдарда жаңа нысандар салынып жатқанын, бірқатар ғимараттарды жөндеу шаралары қолға алынғанын мәлімдеді. «Қазіргі таңда, Түркістан облысында 689 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетіп отыр. Былтырғы  жылы «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы аясында 13 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы басталып, бүгінгі күнге нақты 10 ауылдық мәдениет үйі  пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 мәдениет үйі іске қосылатын болады. Сонымен қатар, 2 ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 2024 жылы 6 ауылдық мәдениет үйі пайдалануға берілетін болады. Көріп отырсыздар, мәдениет ұйымдарын тіктеуде ауқымды жұмыстар атқарылып отыр. Ендігі міндет – мәдениет ұйымдарының халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру" - деді кеңес төрағасы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серікбай Пірімбеков баяндама жасап, аудандағы мәдениет ұйымдарының қызметі жөнінде айтты.

Ауданның мәдениет саласында шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелер санатында 4 мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу, мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, кітапханалардың заманауи форматта жаңғырту, компьютерлік техникалармен жабдықтау мәселелері айтылды.

Айтылған мәселер мен ұсыныстар кеңес мүшелері тарапынан қызу талқыға түсіп, жиынға қатысушылар мәдениет саласындағы түйіткілді түйіндер жөнінде өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, жиынға қатысушылар ауылдық мәдениет ұйымдарының желісін қайта жаңғырту, қызметін жалғап жатқан мәдениет үйлері мен клубтардың жабдықталуын қолға алу, кітапханалар қызметін жаңарған мазмұнда ұйымдастыру мәселелерін қозғады. Мәдениеттің маңызы айтылған жиында балалар әдебиетінің танымалдылығын арттыруда кешенді көзқарас қалыптастыру, ауданнан шыққан ақын-жазушылар жөнінде жинақ кітап шығару, кезінде өнерімен қалың жұртшылыққа танылған Мырзашөл өңірінің мәдени алуандығын қалпына келтіру, тағы да басқа өзекті мәселелерге қозғау салынып, елдік маңызға ие келелі кездесу өтті.

Президент реформасы елімізді жаңа қадамға бастады
Әйелдер қанаты – елжандылықтың ұйытқысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу