«Құқықтық дәріхана» – халыққа қолжетімді құқықтық көмек

Oinet.kz 17-06-2026

80.jpg

«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Шымкент қаласының Тұран ауданында «Баян сұлу» ойыын-сауық орталығында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және халыққа құқықтық көмек көрсетуді жетілдіруге бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Тұран ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара азаматтардың құқықтық мәселелерін жедел шешуге және мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы өзара байланысты нығайтуға арналды.

Акция барысында аудан тұрғындары құқықтық сипаттағы түрлі мәселелер бойынша білікті мамандардың қабылдауына қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жан-жақты жауап алды. Азаматтарға еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру, жер қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік және азаматтық заңнамаға қатысты құқықтық кеңестер беріліп, олардың заңды құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Іс-шара аясында елуге жуық азамат қабылданып, әрбір өтініш бойынша нақты құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күрделі мәселелер бойынша тұрғындарға заңнама талаптары түсіндіріліп, оларды шешудің құқықтық тетіктері ұсынылды. Қажет болған жағдайда жауапты мемлекеттік органдарға жолданатын өтініштердің рәсімделу тәртібі де егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Мұндай ашық қабылдаулар халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырумен қатар, құқықтық мәселелердің уақытылы шешілуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң талаптарын дұрыс түсінуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға оң ықпал етеді.

Азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін білуі – құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Сондықтан прокуратура бастамасымен өткізілетін осындай түсіндіру іс-шаралары қоғамдағы құқықтық сананы нығайтуға және заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыстардың қатарында.

Тұран ауданы прокуратурасы алдағы уақытта да тұрғындармен кері байланысты күшейтуге, құқықтық көмек көрсетуді қолжетімді етуге және азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталған осындай кездесулерді тұрақты түрде ұйымдастыратын болады. Бұл – «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыруға және құқықтық мәдениеті жоғары азаматтық қоғам қалыптастыруға жасалған нақты қадам.

Қоғамға қайта бейімдеу – қылмыстың алдын алудың тиімді жолы
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған акция
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу