«Заң мен тәртіп»: «Тазалық сақшылары» қоғамдық қауіпсіздікке үлес қосуда

Oinet.kz 20-06-2026

87.jpg

«Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кезекті рейдтік іс-шара өтті. Әл-Фараби аудандық прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдастырылған шараға «Тазалық сақшылары» қоғамдық бастамасының белсенділері, құқық қорғау органдарының және жауапты мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Рейдтің негізгі мақсаты – қала аумағында есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз граффити мен жарнамаларды анықтап, жою, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Қатысушылар аудан аумағындағы көшелерді, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын, қоғамдық орындарды және халық көп шоғырланатын аумақтарды аралап, заңсыз жазулар мен құқық бұзушылық белгілерін анықтау жұмыстарын жүргізді.

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Тазалық сақшыларының» қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосып отырған үлесі айқын көрініс тапты. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде олардың бастамасымен 113 құқық бұзушылық туралы хабарлама жолданған. Оның ішінде 69 хабарлама 109 iKomek жүйесіне тіркеліп, қарау нәтижесінде 24 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама рәсімделді. Сонымен қатар анықталған заң бұзушылықтардың бірі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тиісті тергеу амалдары басталды.

Мұндай қоғамдық бақылау тетігі құқық бұзушылықтарды ерте кезеңде анықтауға, құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға және тұрғындардың қауіпсіз өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Рейд қорытындысында жыл басынан бері аталған бағыттағы жұмыстарға белсенді қатысып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан үздік «Тазалық сақшыларымен» кездесу ұйымдастырылды. Белсенді азаматтарға аудан прокуратурасының атынан алғыс хаттар табысталып, олардың қоғам игілігі жолындағы еңбегі жоғары бағаланды.

Әл-Фараби аудандық прокуратурасы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және «Таза Қазақстан» акциясының мақсаттарын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады. 

Азаматтардың өтініштерін сапалы қарау – заң үстемдігінің маңызды талабы
Шымкентте «Бір нүктелік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу