«Заң мен тәртіп»: Балалардың құқығын қорғау – басым бағыт

Oinet.kz 25-06-2026

103.jpg

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері Шымкент қаласында тұрақты бақылауда. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі ретінде 2026 жылғы 17 маусымда өткен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ қатысты.

Комиссия отырысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігі жан-жақты сараланып, анықталған кемшіліктерді жоюдың нақты тетіктері талқыланды. Қатысушылар құқық бұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, білім беру ұйымдарының, әлеуметтік қызметтердің, жергілікті атқарушы органдардың және ата-аналардың бірлескен іс-қимылын талап ететін маңызды бағыт екенін атап өтті.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қауіпсіз білім беру және тәрбиелеу ортасын қалыптастыру, тәуекел тобына жататын балалармен профилактикалық жұмысты жетілдіру мәселелері кеңінен қаралды. 

Отырыс барысында мемлекеттік органдар мен жауапты мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру және профилактикалық жұмыстың сапасын күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар анықталған кемшіліктерді жою, балалардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктерін жетілдіру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі атап өтілді.

Комиссия мүшелері балалардың құқықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі екенін атап өтті. Әрбір баланың қауіпсіз ортада өмір сүруге, сапалы білім алуға және жан-жақты дамуға деген құқығы заңмен қорғалады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және азаматтық қоғамның бірлескен жұмысы алдағы уақытта да жалғасып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған кешенді шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.

Балалардың қауіпсіз демалысы – тұрақты бақылауда
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу