Балалардың қауіпсіз демалысы – тұрақты бақылауда

Oinet.kz 25-06-2026

102.jpg

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында балалардың құқықтарын қорғау және олардың жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Осы бағыттағы ведомствоаралық комиссия жұмысы шеңберінде 2026 жылғы 23 маусымда Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Н. Жанұзақ пен «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі Шымкент қаласындағы «Үш бұлақ» балалар сауықтыру орталығына арнайы барды.

Іссапарда балалардың құқықтарының сақталуын зерделеу, олардың демалысы мен сауықтыруына жасалған жағдайларды бағалау және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың тиімділігіне мониторинг жүргізу басты мақсат болды. Комиссия мүшелері орталықтағы тұрмыстық-тұрғын үй жағдайымен танысып, тәрбиеленушілерге көрсетілетін қызметтердің сапасына жан-жақты назар аударды.

Бару барысында балалардың тамақтануын ұйымдастыру, медициналық қызметтің қолжетімділігі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, өрт және жалпы қауіпсіздік шараларының орындалуы, сондай-ақ бос уақытты тиімді ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар зерделенді. 

Комиссия мүшелері тәрбиеленушілермен және орталық қызметкерлерімен еркін форматта сұхбат жүргізіп, балалардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Әңгімелесу барысында демалыс жағдайына, күн тәртібіне, қауіпсіздік мәселелеріне және тұрмыстық ахуалға қатысты ой-пікірлер назарға алынды. 

Балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру – олардың денсаулығын нығайтумен қатар, қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және құқықтарын сақтаудың маңызды бөлігі. Сондықтан мұндай мониторингтік іс-шаралар балалардың заңды мүдделерінің сақталуын бақылауға, анықталған мәселелерді дер кезінде шешуге және демалыс орындарының жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада демалуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттік органдардың басым міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы бақылау және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.

Цифрлық қауіпсіздіктің басты кепілі түсіндірілді
«Заң мен тәртіп»: Балалардың құқығын қорғау – басым бағыт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу