Жаңа иқан ауылында кездесу ұйымдастырылды

Oinet.kz 27-11-2026

Жаңа Иқан ауылындағы мектепте мазмұнды басқосу өтіп, оған «Әділет» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Асылбеков Сағынбек пен Түркістан облыстық мәслихатының №4 бірмандаттық сайлау округінен депутаттыққа үміткер Сулейменов Баймахан Тоймаханұлы қатысты.

Screenshot_13.png

Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік ахуалы, білім беру саласындағы өзекті мәселелер және тұрғындарды толғандырған сұрақтар талқыланды. Мектеп ұжымы өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, ашық пікір алмасу өрбіді.

Жүздесу соңында қатысушыларға сайлау науқанына белсенді қатысып, өз таңдауларын саналы түрде жасау қажеттігі айтылды. Әр азаматтың дауысы ел болашағына қатысты маңызды азаматтық ұстанымның көрінісі екені атап өтілді.

Ойық мектебінде қоғамдық маңызы бар мәселелер жөнінде кездесу өтті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу