Ақпараттық жүйеде ілесу және техникалық қолдау бойынша қызметтер

Oinet.kz 18-06-2023 459

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен 2023 жылдың маусым айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №61746724 «Ақпараттық жүйеде ілесу және техникалық қолдау бойынша қызметтер» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

жетекші маманы А.Панай

Полиция генерал-майорына қатысты тергеу аяқталды
Ш.Қалдаяқов ауылындағы кіші футболға арналған жабық спорт алаңының құрылысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу