Ш.Қалдаяқов ауылындағы кіші футболға арналған жабық спорт алаңының құрылысы

Oinet.kz 18-06-2023 275

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудынының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен 2023 жылдың маусым айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №61710682 «"Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округі Ш.Қалдаяқов ауылындағы кіші футболға арналған жабық спорт алаңының құрылысы" нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасына түзету енгізу жұмыстары» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудынының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 3-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар аудынының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

жетекші маманы маманы А.Панай

Ақпараттық жүйеде ілесу және техникалық қолдау бойынша қызметтер
"Сарыағаш" Емдеу-оңалту кешені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу