Ардагерлерге құрмет - ерлікке тағзым

Oinet.kz 19-05-2021 589

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деп атап, ел келешегі үшін аянбай еңбек еткен азаматтарға құрмет көрсету басты міндетіміз екенін ескертіп өтті. 

image.png

Осыған орай, Түлкібас ауданынан 30-дан аса ардагерлер мен батыр аналар күннен күнге түрленіп, гүлденіп келе жатқан Түркістан шаһарын аралады. 

«Түркістанда түмен баб» демекші, тарихи жәдігерлер мен киелі орындарға бай өлкені аралаған ардагерлер рухани серпіліп, айрықша әсер алғандығын жеткізді. Саяхат барысында ардагерлер мен батыр аналарымыз әрбір тарихи орынның тарихымен танысып, естелік суреттерге түсті. 

image.png

Қазіргі эпидахуалға байланысты барлық карантиндік шаралар қадағаланып, медицина қызметкерлері үлкен кісілердің жағдайын бақылауда ұстады. 

Жалпы, ардагерлерге деген құрмет - ерлікке тағзым іспеттес. Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған азаматтарымыздың Ұлы ерлігінің маңызы жылдан жылға арта түсері сөзсіз. Оларға лайықты құрмет көрсетіп, ерлігін баяндау және оларға тағзым ету болашақ ұрпақтың қасиетті борышы болып саналады.  

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде хан көтеру рәсімі өтті
Түркістандағы «Ұлы дала орталығы» тарихи түпнұсқа жәдігермен толықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу