Ардагерлерге құрмет - бүгінгі ұрпақтың басты міндеті

Oinet.kz 09-06-2021 1170

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» - деп атап, туған жерге деген құрметтің бағасы жоғары және ондағы әрбір адамның орны бөлек екенін жеткізді. 

image.png

Осы орайда, ардагерлерге және Отанға деген құрметтің негізі ретінде Бәйдібек ауданының 50-ге жуық ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері күннен күнге түрленіп, гүлденіп келе жатқан Түркістан шаһарын аралады. Облыс әкімінің тапсырмасымен жүзеге асқан саяхат әуелі "Сапар орталығынан"  және Түркі әлемі Түркістанның жүрегі саналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. 

image.png

Сондай-ақ, олар "Екінші Венеция" аталатын "Керуен сарай" кешені мен Түркістанның өткені мен бүгінінен хабар беретін "Ұлы дала" орталығы және "Алтын Самұрық" ғимараты ішіндегі ұшатын театрды тамашалады. 

Бүгінде адам танымастай өзгерген шаһардың көркіне ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері таңданыстарын жеткізіп, сапарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.   

image.png

Ардагерлерге құрмет - бүгінгі жастардың басты міндеті. Себебі, кешегі қан майдандағы арпалыстар, қиын қыстау кезеңдер бүгінгі болашақ үшін алаңдаушылықтан туындаған ұмтылулар екенін ұмытпағанымыз жөн. 

image.png

Көне жәдігер VІ-VII ғасырларға тән ат әбзелдері көрмеге қойылды
Халықаралық дәрежедегі 29 қылқалам шеберлері Түркістанда бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу