Түлкібастық түлектер мұқтаж отбасыға жақсылық жасады

Oinet.kz 25-05-2021 461

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында туған жерге ерекше тоқталып өтті. "Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.

Жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек" - деп жазған болатын. 

Screenshot_7.jpg

Елбасы мақаласына орай, жер-жерде туған жеріне қайырымдылық жасаушылар саны артты. Жақында Түлкібас аудандын "жақсылық жаса" деген игі дәстүрді мектеп түлектері жалғастырып, аудан орталығындағы Абай атындағы білім ошағынан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектер тағы да бір көпбалалы, мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 4 бөлмелі баспана сыйлады. 

Игі істі ұран қылған түлкібастықтар бұл жолы үйді көпбалалы Дүйсенбековтер отбасына табыстады. Отағасының құлағы және көзінен мүгедектігі бар отбасы 13 жыл жалдамалы пәтерде тұрып келген. Отбасы бүгін үй кілтін табыстағанға дейін баспаналы болатындары жайында хабарсыз болған. Мектеп қабырғасындағы өткен «соңғы қоңырау» шарасынан кейін мектеп түлектері тосын сый жасап,  кілтті отбасыға табыстаған кезде көпбалалы ата-ана өздеріне сенбей, қуаныштан көздеріне жас алды. Мұндайды жүз ұйықтап тұрсада армандамағандарын айтып, түлектерге шексіз алғыстарын білдірді.

Ортадан ақша жинап 5 млн. 6 жүз мың теңгеге алынған үйдің ішін заман талабына сай евро жөндеуден өткізген. Электр жарығы мен су және газын да қосып, ішін қажетті жиғазбен де қамтыған. Осы уақытқа дейін аудан әкімдігінің қамқорлығында болып келген отбасыға алдағы уақытта жомарт жандар мен мемлекет тарапынан басқа да көмектер көрсетіледі.

Бүгінгі игі шара бұнымен тоқтап қалған жоқ. Қайырымдылық шара жалғасы Қарағашты ауылында жалғасын тапты. Бұл жерде Дауан мектебінің дәл осындай 20 жыл бұрын бітірген түлектері отбасында  төрт бірдей мүмкіндігі шектеулі жандар бар Тәжібаевтардың құлап қалған үйін өз күштерімен тұрғызып, 2 млн. 6 жүз мың теңгеге керек-жарақ құрылыс заттарын алып, үйін жаңартып берген. Сондай-ақ, аталған мектептің түлектері Қарағашты ауылының орталық мешітінің жылу жүйесін істеп, ішінің кілемдерін өз қаржыларынан жаңартып берген. Осылайша киелі құт мекенде көпшілікке үлгі боларлықтай игі істер өз жалғасын табуда.

Өткенге құрмет - мәңгілік міндет
Қайырымды түлектер бүтін бір отбасы,ға қуаныш сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу