Шардарада құнды жәдігерлер музейге табысталды

Oinet.kz 04-06-2021 573

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында патриот жастарды өсіріп шығару үшін ұлттық кодты сақтау керектігіне тоқталған болатын.

"Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық" - деп жазды Тұңғыш Президент мақаласында.

Балбал тас.jpg

Осыған орай, Шардара ауданында игі іс жүзеге асты. Ағымдағы жылдың басында Шардара қаласынан орта ерте ғасырлық балбал тас табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Тас мүсін теңіз жағасындағы Құйған ауылына қарайтын Шекертөбе маңындағы «Шыңғыс» шаруа қожалығынан табылған еді. 

Өте құнды саналатын осынау балбал тасты шаруа қожалық иесі Шекер Төребекова аудандық тарихи-өлкетану музейіне тапсырып, игі іс жасады. 

Балбал тасты музейге тапсыру шарасына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, облыстық мәдениет басқармасына қарасты тарихи-мәдени мұраны қорғау, пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі орталық директоры  Жандос Құрбан, аудандық ардагерлер Кеңесінің төқрағасаы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов қатысып құттықтау сөз сөйледі. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев төл тарихымызды танып-білуге орасан зор үлес қосатын жәдігерді халық игілігіне беріп отырған Шекер Төребековаға алғыс айтты. 

Screenshot_5.jpg

Музей меңгерушісі Нұрлан Сымайыловтың айтуынша бұл көне жәдігер біздің заманымыздағы І-ІІІ ғасырларға тиесілі дүние. Баға жетпес дүние саналатын құнды жәдігер екенін атап өткен Нұрлан Қалиұлы осынау игі іске мұрындық болған  облыстық мәдениет басқармасына қарасты тарихи-мәдени мұраны қорғау, пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі орталық директоры  Жандос Құрбанға, қожалық иесі Шекер Төребековаға алғыс білдірді.

Қазіргі таңда теңіз жағасынан табылған балбал тасты облыстық тарихи  және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізу жөнінде құжаттар әзірленуде.  

Қайырымды түлектер бүтін бір отбасы,ға қуаныш сыйлады
Шардаралық қарияларға құрмет көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу