Бүгінгі бүлдіршін - ертеңгі ел тірегі!

Oinet.kz 25-06-2021 915

Бүгінгі бүлдіршін - ертеңгі ел тірегі! Расында, атадан балаға аманат болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз бен төл тарихымызды, өзіне аманат етіп алып қалып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырар күшіміз бүгінгі жас бүлдіршіндеріміз. Олар ертеңгі елдің тұтқасы екені даусыз.

image.png

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласында: "Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек" - деп атап, төл тарихымызға құрмет, бүгінгі жастардың басты міндеті екенін баса айтты. Сол аманатты адал орындай білу басты парыз.

image.png

Осы орайда, Бәйдібек ауданындағы "Тау шыңы" лагерінде демалып жатқан 60 бүлдіршін күннен күнге дамып, түрленіп келе жатқан Түркістан шаһарын аралады. Аудан әкімінің тапсырмасына орай ұйымдастырылған экскурсияда бүлдіршіндер "Сапар орталығын", Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, «Ұлы дала елі» және «Сиқырлы керуен» атты балаларға арналған  ойын-сауық орталықтарын, "Керуен-Сарай" кешенін аралады. 

Рухани Түркістанның бүгінгі бояулы, әрі көркем түрін көрген бүлдіршіндер таңданысын айтып, сапар танымдық тұрғыда да пайдалы болғандығын қуана жеткізді. Жас бүлдіршіндердің таным көкжиегін кеңейтуге арналған бұл экскурсия алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

image.png

Келестік ардагерлер мен батыр аналар Түркістанға сапарлады
Мұқтаж отбасыға сыныптастары үй сыйлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу