Жастардың 80 пайызы жұмыспен қамтылады

Oinet.kz 25-06-2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік» - деп атап, Тәуелсіздіктің мәңгілікке ұласуы жастардың қолында екенін ескерткен болатын. 

image.png

Осы орайда, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жастарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесін қарады. «Жастар практикасы» арқылы әртүрлі мекемелерге жұмысқа жіберілетін жастардың тұрақты қызмет пен қамтамасыз етілуін басты назарға алу керектігін жеткізді. Бұл туралы ол «Халықты жұмыспен қамту орталығы» басшысының есеп беру жиынында айтты.

Жастардың 80 пайызы жұмыспен қамтылуы тиіс екенін ескертіп, жұмыссыздар санын азайту мәселесін ертерек шешу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, «Бастау бизнес» жобасына қатысушылар санының көптігін ескере отырып, грант санын 3 есеге арттыруды тапсырды. Осыларды негізге ала отырып бір аптаның ішінде нақты жоспар құру туралы тапсырма берді.

image.png

Қала әкімі бюджеттен бөлінген қаржы толықтай игеріліп, қоғамдық жұмысқа бөлінетін қаржы көлемін көбейту керектігін айтты. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы» арқылы құрылысқа жұмысшыларды жіберу үшін мердігерлермен кездесу өткізетінін жеткізді. Одан өзге, аптасына бір рет орталыққа барып жұмыс барысын көретінін, аптасына бір рет әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстарды тыңдайтынын хабардар етті. Ел ертеңі, қаланың көркеюі жастармен тікелей байланысты екенін ескерткен әкім, жастармен тығыз байланыста жұмыс істеу керектігін жеткізді. 

Шаһардың көркеюінде жастардың белсенділігі маңызды
Қазақ елінің рухани жүрегі аталған Түркістан облысына 3 жыл


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×