Түркістан шаһарының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды

Oinet.kz 18-06-2021 518

Түркістан облысының құрылуына 3 жыл толуына орай шаһардың дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков бірқатар қызметкерлер мен қоғам қайраткерлеріне «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» марапатын табыстады. 

марапат.jpg

Рухани астанадағы оң өзгерістердің орын алуына ықпалын жасап, марапатын адалынан алып, еңбегі еленгендер қатарынан Досай Кенжетай, Айдос Абпазов, Пернетай Досыбеков, Сұлтанхан Тәштеев, Дана Орманова, Балтагүл Оспанова сынды азаматтар табылды. Қала әкімі марапатталған азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

- Сіздердің кеңестеріңіз, ұсыныстарыңыз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін қашан да маңызды. Келешекте де қасиетті қаламыздың көркейіп, дамуына бірлесе жұмыс істейміз деген үміттемін, - деген тілегін жеткізіп, шынайы алғысын білдірді.

марапаттау.jpgБүгінде, Түркістан қаласы көркейіп, гүлденген гүлстан шаһарға айналды. Үш жыл ішінде рухани қаламызда оң өзгерістер орын алып, атқарылып жатқан істер жақсы нәтижесін беруде. Заманға лайықталған ғимараттар, демалыс орындары мен көпқабатты үйлер қала көркін одан әрі аша түсуде. Көзді ашып жұмғанша ажарланып, көркін өзгертіп жатқан шаһар алдағы уақытта бұдан әрі дами түсері даусыз.

Қазақ елінің рухани жүрегі аталған Түркістан облысына 3 жыл
«Turkistan bike» - игілікке бастар жоба
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу