Түркістан қаласында экобазар болады

Oinet.kz 12-07-2021

Қазақ руханиятының мәдени ошағы Түркістан қаласы соңғы жылдары облыс орталығы болғалы бері жоғары қарқынмен өсіп-өркендеп келеді. Қала мәдени-рухани тұрғыда ғана емес, әлеуметтік-экононмикалық тұрғыда оң өзгерістер көп.

Screenshot_9.jpg

Түркістан қаласындағы Халыкаралық әуежай жанынан салынып жатқан  экобазар – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары болмақ.

Нысан көлемі 14 гектар, құрылыс аумағы 5 гектар. Келешекте базарда 3000-ға жуық сауда орындары болады. 900 орыны азық-түлікке, 1500 орыны киім-кешекке, 500 орыны тұрмыстық тұтыну тауарларына  және жиһаздарға 1000 шаршы метр орын дайындалады. 

Заманауи экобазарда диқандар  өніміндерін қажетті құжаттарын  толықтырып, делдалдарсыз тікелей сата алады. Мұнда жазда салқын, қыста жылы температуралық режим қамтамасыз етілмек. Экобазарда жеңіл автокөліктер мен жүк көліктерінің еркін кіріп шығуына арналған кең жолдар ашылып, әрқайсысына бөлек автотұрақтар ұйымдастырылады. Және тауар қорын сақтауға арналған тоңазытқышты 200 қойма орыны болады. 

Айта кетейік, базар сатылымында ет өнімдерін қоюға жоғары мән беріледі. Бұл өз кезегінде баға тұрақтылығын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, базардағы өнімдер көтерме бағада сатылады. 

2 мыңға жуық тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан Түркістанда туризм дамуда
«Теріскей толғаулары» атты антологиялық жинақ жарыққа шықты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×