Түркиялық журнал толық санын Түркістан қаласына арнады

Oinet.kz 07-07-2021

Бүгінде Түркістан қаласы Ер Төстіктей күн санап өсіп, тек өз елімізді емес, алыс-жақын шетелдерді де көркем сәулетімен таң қалдыруда. Түркістан өзінің бай тарихымен мақтана алады. Түркі елдерінің ортақ астанасына айналған Түркістанды бүгінде әлем таниды.

Screenshot_11.jpg

Жақында Түркияның танымал «Йерлі Дүшүндже» (Yerli Düşünce) журналы бір нөмірін толықтай Түркістан қаласына арнады.

128 беттен тұратын журналға Түркия президентінің Бас кеңесшісі  Ялчын Топчының, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының  Бас  хатшысы  Дүйсен  Қасейіновтің, ҚР Түркиядағы елшісі  Абзал Сапарбекұлының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың және  түркиялық белгілі ғалымдардың мақалалары  мен сұхбаттары топтастырылған.

Түркі әлемінің зиялылары Түркістан қаласының өткені мен бүгіні және болашағы жайында сыр шерткен. Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университетінің зерттеушісі Фатма Сөнмездің Түркиядан арнайы киелі Түркістанға барып, қасиетті жерлерін аралап көлемді жазған мақаласы да журнал бетінде жарық көрген.

Осы журнал арқылы Түркістан қаласын танушылар саны одан әрмен артты деуге болады. Алдағы уақытта Түркістанға шетелден келетін туристер саны артып, қала мәртебесі асқақтай бермек.

«Теріскей толғаулары» атты антологиялық жинақ жарыққа шықты
Түркістан облысында тұрғын үй ауласынан X-XI ғасырға тән ескерткіш табылды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×